Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жанындағы Республикалық имамдардың білімін жетілдіру ислам институтында Елбасының «Рухани жаңғыру – болашаққа бағдар» бағдарламасы аясында ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің арнайы тапсырмасымен Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының ұйытқы болуымен «Қоғам және дін» атты имамдарға арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік семинар өтті.
Ғылыми-тәжірибелік семинарға ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Алау қажы Шайқымұлы, Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Айдар Рақымжанұлы, Институтымыздың ұлағатты ұстазы, филология ғылымдарының докторы, профессор Ислам Жеменей, Философия, саясаттану және дінтану институтының дінтану бөлімінің меңгерушісі – Сатершинов Бақытжан Меңлібекұлы, Еуразия ұлттық университетінің оқытушысы, дінтанушы Асылтай Тасболат және Моңғолия республикасы, Баян-Өлгий аймағы, «Бөкентау» мешітінің бас имамы Керейханұлы Серік қатысты.
Ғылыми-тәжірибелік семинардың ашылу сөзін Институт директоры Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы бастап, семинар қонақтарын институттың жалпы тыныс-тіршілігімен таныстырды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Алау қажы Шайқымұлы ел алдында Діни басқарманың айнасы болып табылатын имамдардың білімді де білікті болуында Республикалық ислам институты рөлінің аса зор екенін тілге тиек етті.
Наиб мүфти көптеген жақсылықтардың бастамасышы болып жүрген Кенжеәлі Қоңыратбайұлына, Айдар Рақымжанұлына, Ислам Жеменейге шексіз алғысын білдірді.
Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Айдар Рақымжанұлы имам рөлі, қоғамдағы дін, діни көзқарастар туралы тараған пікірлер туралы өз пікірін айтты.


Бақытжан Меңлібекұлы мемлекетіміз – зайырлы, діннен бөлек дегенімізбен, қоғам діннен бөліне алмайды. Халықтың дінге, руханиятқа деген сұранысы тек артуда. Ал осындай маңызды сәтте халықты, әсіресе жастарды әралуандылықты қабылдау, төзімсіздікті ұстануды сияқты теріс пиғылды ағымдардан сақтандара отырып, діни ұстанымның Қазақстандық үлгісін қалыптастыру мәселесі көтерілуде екендігін атап өтті. Дінді саясиландырудан аулақ болып, көркем мінезділікке жетуге барынша тырысуға ынталандырды.
Семинар соңында Институт ұстазы Ислам Жеменей елге, халықымызға дұға тілеп, имамдарымызға ақ батасын берді.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
06.03.2018
3914
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру