Қазіргі таңда елімізде отау құрып, шаңырақ көтеріп жатқан жас отбасылар саны жылдан жылға артып келеді. Алайда, статистикалық мәліметтерге сүйенер болсақ, отбасы ошақ қасында болатын түрлі себептер мен қиындықтарға төтеп бере алмай, ажырасып жатқан отбасылар саны да аз емес. Бұл жағдайдың салдары өз кезегінде қоғамға тікелей әсерін тигізуде. Отан – отбасыдан басталады демекші, мемлекетіміздің іргесі берік, келешегі кемел болуы үшін шағын мемлекеттердің тұрақты дамуы маңызды рөл атқарады.
Осы орайда, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бастамасымен биылғы жыл «Ислам және отбасы» жылы деп бекітіліп, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қызметі аясында республика көлемінде түрлі шаралар мен ауқымды жобалар жоспарлануда.
Аталмыш жобалардың бастамасы ретінде ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінде отбасылық мәселелер бойынша «Кеңес беру орталығы» ашылды.
Орталық ашылған күннен бастап-ақ отбасы түйткілдерімен бірнеше жанұя орталық кеңесіне жүгінді. Келген отбасыларды ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы Болатбек Ұласханұлы қабылдап, шариғи тұрғыда кеңестер беріп, мешіт атынан «Ислам жанұясы» атты кітапты сыйға тартты. Сондай-ақ, тұрақты келіп жатқан кісілерге мешіт наиб имамдары мен әйелдер-қыздар секторының жетекшісі қабылдап өз кеңестерін ұсынуда.
Орталықтың мақсаты білікті мамандардың көмегімен отбасылық мәселелерді шешу жолын қарастыру арқылы, ұлтымыздың болашағы – отбасы бақытын сақтауға өз септігін тигізу болып табылады.
Өңіріміздің кез-келген тұрғыны, орталыққа келу арқылы, отбасылық бақытын баянды ету мақсатында көкейтесті сұрақтарына жауап алып, туындаған түрлі мәселерінің түйінін шешу үшін білікті мамандардың консултациялық қызметіне жүгіне алады.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі
www.muftyat.kz
06.03.2018
3992
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру