Бүгін Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай Ресей Федерациясы, Саратов облысының Поволжья мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Мукаддас Бибарсов бастаған делегацияны қабылдап, орталық мешіттің тұрмыс-тіршілігімен таныстырды.
Кездесуде қазіргі замандағы ең өзекті мәселелер төңірегінде пікір алмасу, қоғамдағы рухани, діни мәселелерді бірлесе отырып шешуді талқылады. Сондай-ақ, дін қайраткерлері екі елдің бірлігін нығайту жолында, халықты ізгілікке, адамгершілікке шақырып тығыз жұмыс жасауға уағдаласты.
Мәртебелі қонақтар құлшылық үйін аралап, рухани тіршілігімен танысты. Қонақтар мешіт ұжымының ілтипатына ризашылықтарын білдірді. Еркінбек Шоқай қазақы дәстүрге сай қонақтарға сыйлық тарту етті.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Алматы орталық мешітінің баспасөз хатшысы
06.03.2018
3480
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру