Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Саратовтық мұсылмандар Нұр-Мүбарак университетіне қызығушылық танытуда

Айша КЕҢЕСБАЙ, Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі www.muftyat.kz 06.03.2018 3519 0 пікір
Саратовтық мұсылмандар Нұр-Мүбарак университетіне қызығушылық танытуда

Бүгін Нұр-Мүбарак университетіне Ресей Федерациясының Саратов облыстық мұсылмандар діни басқармасының өкілдері келді. Саратовтық мұсылмандар басшыларын Нұр-Мүбарак университетінің тыныс-тіршілігі, білім беру жүйесі ерекше қызықтыруда. Себебі, Нұр-Мүбарак университетіндей әлеуеті жоғары оқу орны ТМД аймағында жоқтың қасы деген ойларын жеткізді. Ресей мүфтилер Кеңесінің Тең төрағасы Муқаддас Бибарсов:

"Нұр-Мүбарак университеті ТМД аймағында танымал. Әрі сіздердің жетістіктеріңізден әрдайым хабардармыз. Біз келген Ресейдің Қазақстанмен шекаралас Саратов облысында қазақтардың үлесі көп. Сондықтан болашақта біз сіздерге талапкер дайындап, осы оқу орнында оқуға жіберсек деген үмітіміз мол", -деді.

Мүфти кеңесшісі Қайрат қажы Иржанов, Аппарат жетекшісі Ілияс Богатырев, имамдар Жалғас Ибатов, Серікбай Ирканалиев мырзалардың ыстық лебізіне ректор, профессор Жуда Басюни алғысын білдіріп, әріптестікке әрқашан дайын екендігін жеткізді. Талапкерлерді оқытуда университеттің дайындық курсының да тиімділігі сөз болды. Ресейден келуші талапкерлер осы ҚР ЖОО қабылдау шартына сай қабылданатынын, жатақханамен қамтамасыз етілетіні айтылды. Сондай-ақ, ресейлік делегацияны профессор Жуда Басюнидің араб тілін оқыту орталықтарын ашуға қатысты ұсынысы қызықтыра түсті.

Қос тарап кездесу барысында екі жақты ынтымақтастық меморандумына қол қойды. Ресми қабылдаудан кейін қонақтар университет кешенімен танысты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру