Атырау қаласына қарасты Жұлдыз елдімекеніндегі Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешітте «Жаназа және жерлеу» рәсімдері кітабы бойынша насихат дәрісі басталды.
Өткен жылы Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының бастамасымен жарық көрген еңбекте халық арасында атқарылатын кәделерді біріздендіру мәселесі көтерілген болатын. Осыған орай, жамағат арасында басталған дәрісті Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешіттің бас имамы Ардақ Жұмабекұлы ашып, шараның маңыздылығы туралы тоқталып өтті.
Дәрісті аталған мешіттің наиб имамы Ақылбек Құрманғалиев жүргізіп, марқұмды оң жаққа жатқызу, жуындыру, пәктеу, кебіндеу, ақтық сапарға шығарудың тәртібі туралы кеңінен мағлұмат беріп өтті. Насихат жұмысы алдағы уақытта жалғасын табатын болады.
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.
islam-atyrau.kz
06.03.2018
4182
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру