Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мұсылман қадірін арттыру жолдары қандай?

Жылыой аудандық орталық мешітінің баспасөз қызметі islam-atyrau.kz 06.03.2018 3482 0 пікір
Мұсылман қадірін арттыру жолдары қандай?

Атырау облыстық «Иманғали» орталық мешітінің ұстазы, теолог Еламан Бегалиев Жылыой ауданына арнайы шақыртумен келді. «Жылыой Мұсылмандар» мешітінің кешкі құптан намазына жамағаттар көптеп жиналды.

Аудан мешітінің Бас имамы Арман Исаев облыстан ұстаз жіберуге ықпал еткен Өкіл имам Батыржан қажы Берденұлына алғыс айтты. Ұстазды жамағатқа таныстырып, күні кеше умра қажылығынан келгеніне қарамастан, жергілікті жамағатпен жүздесуге уақыт арнаған  ұстазға ризашылық білдірді.

Қазіргі таңда жастардың арасында ислам дініне  деген қызуғышылық артуда. Осы мәселеге тоқталған теолог Еламан Бегалиев мұсылманның ең басты қасиеттерінің бірі – оның өз мұсылман бауырларына деген жоғары сүйіспеншілік сезімі екендігін айтты. «Шынайы мұсылман бауырын қорламайды, ғайбат айтпайды, кемшілік көрсе, өзіне жеке ескертіп, насихаттайды.

«Кәһф» сүресі фитнадан сақтайтын сүре. Осы сүреде төрт қисса айтылып, онда фитнадан арылу жолдары көрсетілген. Мәселен, дін фитнасынан - жамағатпен бірге болу құтқарады. Мал-дүние фитнасынан арнайы дұға сақтайды. Білім фитнасынан -  сабыр, билік фитнасынан - әділдік құтқарады деп»,- атап өтті ұстаз Бегалиев.

Басқосудың соңы сұрақ-жауаппен жалғасып, жамағаттар көкейдегі сауалдарына тұшымды жауап алды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру