Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өскемен: «Қарттарға құрмет» акциясы өрістеуде (ФОТО)

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 06.03.2018 3325 0 пікір
Өскемен: «Қарттарға құрмет» акциясы өрістеуде (ФОТО)

ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігі «Ислам және отбасы» жылы аясында өңір бойынша «Қарттарға құрмет» атты апталық жариялады.

Апталық аясында «Зере Ана» қайырымдылық қоры облыс орталығында орналасқан «Солнечный» кентіндегі «Қарттар үйіне» арнайы барып айтулы шара өткізді.

Шара барысында қор атынан қарияларға сый-сыяпаттар жасалып,  қарттар бір сәт болса да көңілденіп, қызықты әсерге бөленді.

ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігінің «Әйел-қыздар» секторының жетекшісі, «Зере Ана» қайырымдылық қорының төрайымы Талшын Қожахметова:

«Біз Қарттар үйіне қоғамның, ортаның жылуын әкеліп, осындай шара жасап отырмыз. Дінімізде қарияларға құрмет көрсету сауапты істердің қатарында. Бүгінгі таңда адамдарға мейірімділік пен қайырымдылық көрсетудің маңызы айырықша. Құрмет көрсету – ізгілікке жетелейді»,- деп атап өтті.

«Қарттар үйінің» басшылығы осындай игі істі ұйымдастырғаны үшін өкілдікке, «Зере Ана» қорына алғыс білдірді.

Сонымен қатар, апталық барысында осындай шара Күршім ауданында да өтіп, аудандық мешіттен ақсақалды қарияларға құрмет көрсетіліп, аудан имамы Тілейбек қажы Соянұлы қарияның иығына шапан жапты.

 

 

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру