Бүгін Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінің қызметкерлеріне арналған жалпы жиналыс болып өтті. ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының қатысуымен өткен жиналыс барысында жылдық жоспар бойынша атқарылған жұмыстарға шолу жасалып, алдағы уақытта жоспарланған шараларға дайындық барысы пысықталды.
Республикалық Бас мешіттің қауіпсіздігі мен тазалығы, оқу-ағарту жұмыстары мен қайырымдылық шаралары, уағыз-насихат бағыты мен мешіттің ресми порталы Muslim.kz сайтының жұмыс барысы тыңдалып, жылдық жоспары талқыланды.
Сондай-ақ, Астана қаласының 20 жылдық мерейтойы аясында республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде жүзеге асырылатын 20 жобаның жоспары таныстырылып, жауапты қызметкерлер бекітілді. Атап айтқанда, «20 жылдыққа – 20 жоба» аясында биылғы жылы еліміздің Бас мешітінде Орта Азия бойынша Құран жарысы ұйымдастырылатын болмақ. Сондай-ақ, ҚМДБ жариялаған «Ислам және отбасы» жылына орай «Мейірімділік мекені», «Қарттарым – асыл қазынам», «Мерейлі отбасы», «Аялы алақан» секілді отбасылық жобалар жұмысы да жолға қойылатын болады.
Осы орайда, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен жуырда ашылған «Инабат» мұсылман қыз-келіншектер клубы мен «Жас өркен» жастар клубының алғашқы іс-шаралары көпшілік назарына ұсынылып, жоғарыда айтылған жобалар бойынша жұмыс жоспары таныстырылды.
Сондай-ақ, Республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде 2018 жылы жүзеге асырылатын ауқымды жобалардың бірі – «Жібек жолы – Ислам Мәдениеті» фестивалі болмақ. Осы және басқа да бірегей жобалар жиналыс барысында кеңінен таныстырылып, Бас имам мақұлдауына ие болды.










ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
05.03.2018
3470
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру