Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Имамдар Сұлтан Заһер Бейбарыс мешітін зиярат етті (ФОТО)

 Мұхамеджан Естеміров, Мысыр Араб Республикасы, Каир қаласы 05.03.2018 3353 0 пікір
Имамдар Сұлтан Заһер Бейбарыс  мешітін зиярат етті (ФОТО)

Бүгін Мысыр Араб Республикасының «Әл-Азһар» университеті арасындағы мәдени ынтымақтастық келісімі негізінде оқып жатқан бір топ имамдарымыз Каир қаласындағы көне Сұлтан Заһер Бейбарыс мешітін зиярат етті.

Сонау ғасырларда қазақ жерінде туылып, XIII ғасырда Мысыр мен Сирияны билеген атақты Сұлтан Заһер Бейбарыс бабамыздың салдырған көне мешітінде болып,  баба рухына арнайы Құран Кәрім тіләует етілді.

Сұлтан Бейбарыс бабамыз Мысыр мен Шам арасындағы кең иеліктерінің қалалары мен ауылды жерлерінде мешіттер, ғибадатханалар, салтанатты сарайлар, тұрғын үйлер салдырған. Хулагу шапқыншылары қиратқан қамалдар мен бекіністерді қайта қалпына келтірген. Бір Мысырдың өзінде медресе, өз атынан мешіт, көптеген қақпалар, құдық, базарлар, қонақ үй және т.б. ғимараттар салдырған.

Ерекше ерлігі, асқан ақылымен құлдықтан хандыққа дейін көтерілген. Мысырдай алып елді 17 жыл бойы билеп, моңғол шапқыншылары мен крест жорығын бастаушылардан араб әлемін сақтап қалған Сұлтан Бейбарыс бабамыздың тарихынан көп мағлұмат алды.

Көне мешіт аумағында қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатқанын көріп, көкірегімізде мақтаныш сезімі орнап, көзайым болдық.

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру