Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Министр Нұр-Мүбарак университетінің ректорымен кездесті

Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі 05.03.2018 3132 0 пікір
Министр Нұр-Мүбарак университетінің ректорымен кездесті

Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Нұр-Мүбарак университетінің ректоры Жуда Басюни мен Аппарат жетекшісі, Бас хатшы Рахымжан Әкімбековты қабылдады. Бұл кездесу университет стартегиясын айқындай түскендей. Себебі министр мен университет басшылығы оқу орнының стратегиялық дамуы, білім беру сапасын арттыру , халықаралық деңгейдегі ең жоғары стандарттарға жеткізіп, мамандар әлеуетін күшейту мәселелерін жан-жақты талқылады.

Дәл қазіргі уақытта Нұр-Мүбарак университетіне  мемлекеттік білім гранттарымен қатар облыс әкімдіктері студенттерге қосымша қолдаулар көрсетуде. Бұл мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған маңызды демеу екенін айта келе министр Нұрлан Ермекбаев:

Университет дін саласын тереңдетіп оқытып қана қоймай, студенттердің мемлекет саясатын жетік түсініп, зайырлылық қағидаларын сақтаудың маңыздылығымен қатар, әсіредіншілдікке ұрынудың алдын алады деген сенімдеміз,-деп өз пікірін ашық айтты.

Ректор, профессор Жуда Басюни өз кезегінде оқу бағдарламасының ҚР жоғары білім беру саясатына сай әрі қазақ  халқының ғасырлар бойы ұстанып келе жатқан дәстүрлі бағытын ғылыми негізде дамытуға күш салынып жатқанын жеткізді. Мысыр тарапынан да Ханафи мәзһабы мен Матуриди ақидасы бойынша білгір ғалымдар таңдалып алынады. Осындай ел игілігі жолындағы мәселелер мен университеттің болашағы жан-жақты талқыланып, негізгі бағыттар сараланды.  

Министр Н.Ермекбаев аталған кездесу жайында өзінің Фейсбуктегі жеке парақшасында да жариялады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру