Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Өскемен: Аға буынға алғыс айту шарасы өтті (ФОТО)

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі 02.03.2018 3852 0 пікір
Өскемен: Аға буынға алғыс айту шарасы өтті (ФОТО)

Елбасының Жарлығымен бекітілген Алғыс айту күні қарсаңында ҚМДБ-ның Өскемен аймағы өкілдігі облыстық «Халифа Алтай» мешітінде аға буын өкілдеріне ақ дастархан жайып, құрмет көрсетті. Алқалы басқосуға елімізге еңбегі сіңген ақсақалды аталар мен ардақты аналар қатысты.

Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің наиб имамы Дәулет Қабидолдин:

«Алғыс айту күні қарсаңында сіздерді мешітімізге құрметтеп шақырып, осы шараны ұйымдастырып отырмыз. Еліміз үшін тер төгіп, ұрпақтың болашағы үшін аянбай еңбек еткен ардагерлер сіздерге жас буынның құрметі шексіз. Сіздерге алғыс білдіреміз. Дінімізде алғыс айту, үлкенді сыйлауға қатысты тағылымдар өте көп»,- деп атап өтіп, бүгінгі жиынның маңызына тоқталды.

Наиб имам әңгіме барысында өкілдіктен атқарылып жатқан руханият шаралары туралы да баяндап өтті.

Шараға қатысқан қариялар мен апалар мешіттің кітапханасын аралап, жайылған ақ дастарханнан дәм татып, емен-жарқын әңгіме өрбітті. Жиында үлкенге құрмет көрсету, алғыс айту жайлы тағылымдық маңызы зор құнды насихаттар айтылды.

Шараға қатысқан аға буын өкілдеріне Өскемен қалалық «Кунт қажы», «Защита» мешіттерінің атынан сыйлықтар үлестірілді. Ел-жұртымыздың амандығына дұға жасалды.    

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру