Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

8 топ арасынан Нұр-Мүбарак студенттері Бас жүлдеге ие болды.

8 топ арасынан Нұр-Мүбарак студенттері Бас жүлдеге ие болды.

Бұқар жырау Қалқаманұлының туғанына 350 жыл толуына орай Алматы қаласындағы жоғары оқу орын студенттері арасында «Абылай заманы және Бұхар жырау: ұлттық рухани жаңғыру» атты дөңгелек үстел өтті. 8 команда «Халық мұраты және Абылай», «Бұхар толғаулары – Абылай дәуірінің айнасы», «Бұхар дәуірі және бүгінгі ұлттық ойлаудың келбеті» тақырыптары төңірегінде ойларын ортаға салып, пікір таластырды. Студенттер тарихты тереңнен қозғап, сонау Абылай ханның заманы мен Бұхар баба жырларын талдап, бүгінгі қоғаммен сабақтастыра білді. Жастар дебатына Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, ҚазМҚПУ, АТУ, Қайнар және Алматы университеттері, «Өркен отаншыл жастар ұйымы», барлығы 8 топтың арасынан «Нұр-Мүбарак» командасы озық ой, терең талдау, зерек санасымен ерекшеленіп жеңімпаз атанып «Алматы университетінің зияткерлік кубогын» иеленді.

 «Нұр-Мүбарак» командасын «Жалпыуниверситеттік гуманитарлық пәндер» кафедрасының оқытушысы, пед.ғ.к., қауымдастырылған профессор м.а. Сұлу Исабаева ханым жетекшілігі үшін және студенттер: Ақын Ақберді, Махмуд Аманғалиев, Асылбек Қасымбай, Ғазиз Амидуллаев, Бағдат Хайроллаев, Досбол Ережеповтер кубоктан өзге арнайы сертификат алып, университет мәртебесін асқақтатты.

Шараны ұйымдастырушы Алматы университеті Педагогикалық мамандықтар факультетінің «Жаратылыстану және гуманитарлық мамандықтар» кафедрасы қатысушылардың барлығына алғыс білдіріп, ризашылық танытты.   

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру