Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АЛМАТЫ ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНІҢ ИМАМДАРЫ ЖАМАҒАТҚА АЛҒЫС АЙТТЫ

АЛМАТЫ ОРТАЛЫҚ МЕШІТІНІҢ ИМАМДАРЫ ЖАМАҒАТҚА АЛҒЫС АЙТТЫ


Қазақстанда 1 наурыз Алғыс айту күні болып жарияланған болатын. Осы айтулы мереке күні Алматы орталық мешітінің дін қызметкерлері «Жанұя жарасымы» тақырыбында уағыз айтып, мешіт жамағаты мен аузы дуалы ақсақалдарға алғыс білдірді.

Шарада сөз алған Орталық мешіттің наиб имамы Ермек Көкірекбаев бұл мереке патриотизмнің, достық пен бірлігіміздің жарқын күні екендігін айтып өтті.

«Бұл мереке еліміздің бейбіт сүйгіштігінің бір көрінісі. Қазіргі уақытта Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тату тәтті өмір сүріп жатыр. Осындай татулық пен тұрақтылықтың арқасында дініміз бен дәстүріміз өсіп-өркендеу үстінде. Зәулім мешіттер бой көтеріп, жастарымыз имандылыққа ұйып жатыр. Бұл айтулы мереке күні мешітіміздің жамағатына, аузы дуалы ақсақалдарымызға алғыс айтуды жөн көрдік», – деді Ермек Көкірекбаев.

Шарада мешіт имамдары жамағатқа бағалы сыйлықтар тарту етіп, еліміздің амандығын тілеп, дұға жасады.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру