Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алғыс айту – парызымыз

 ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы 01.03.2018 4120 0 пікір
Алғыс айту – парызымыз

ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлының  тапсырмасына орай Ақжайық төріндегі мешіттерде «Алғыс айту-игілік сыйлау» тақырыбында дөңгелек үстелдер мен  қайырымдылық акциялары болып өтті.

Осы шараға орай "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында облыстық орталық мешітінің залында "Əйелдер-қыздар" секторының меңгерушісі Гүлжамила Ахметованың ұйымдастыруымен "Алғыс айту – парызымыз" атты тағылымды шарасы болды.

Алдымен ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Еркебұлан Қарақұлов сөз алып, «Адамдарға алғысы жоқтың, Аллаға шүкіршілігі жоқ» екендігін айтып, бұл игі істің маңызы мен құрметін түсіндірді. Пайғамбарымыз:

«Кімде-кім үлкендерді жасына қарап, оларды сыйласа, онда Алла Тағала ол кісіні қартайған кезде, оған қызмет ететін адамдарды нәсіп етеді», - деп кейінгі буынға үлкенді құрметтеуге шақырды.

Келген қонақтарда жүрек-жарды тілектермен қоса ұсыныстарын айтып, ортаға салды. Сонымен қатар, әжелер қауымы ізгілік, кешірімділік турасында ақыл-кеңестерімен, өнегелі өсиеттерімен бөлісті. "Жақсылық-жүректің ісі" дегендей, белсенді шəкірттер қайырымдылық жұмыстарын əлі де жалғастыратындығын жеткізді.

Бұл рухани шарада əжелер ақ батасын беріп, өкіл имамның қызметіне құтты қадам тіледі.

Өкіл имамның атынан жақсылықтың жаршысы болып жүрген  ұстаздарға, қызметтегі апалар жəне дəріс алып жүрген əжелерге, белсенді шəкірттерге  ризашылығын айтып, «Алғыс» хаттар табысталып, сыйлықтар үлестірді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру