Алғыс айту күні «Абай» кітапханасында өткен мерекелік іс шарамен басталды. Айтулы мерекеге зиялы қауым қайраткерлері, қазыналы қариялары мен алтын алқа аналары қатысты. Абай аудан әкімі Ахмет Татыбаев халыққа алғысын айтып, елге еңбек сіңірген азаматтарға алғыс хат ұсынды. Алғыс хатқа ұсынылған азаматтардың қатарына Ғалымжан Назаровта ілікті. Ғалымжан Назаров «Зекет» қорының елеулі жұмыстарын атқарып, әлеуметтік жағдайлары төмен отбасыларға көмек көрсетуге септігін тигізгені үшін Ахмет Татыбаевтан алғыс хат алды.
Ахмет Татыбаев өз сөзінде, имамдардың халықтың имани баюына және рухани жаңғыруға қосып жатқан үлестері көп екеніндін сөзге тиек етіп имамдарға шексіз алғысын айтты.
Мерекелік шарада арнайы «Қождан ата» мешітінің бас имамы Дастан Желеуов «Берекенің қайнары халықтың ынтымағы мен бірлік тұтастығында» атты тақырыпта сөз бастап, Алла Тағаланың сүйікті құлдары болған мұсылман қауымына және өзге дін өкілдеріне алғыс айтты. Әрқашан осындай кең пейілді, көңіліміз мейрімге толы болсын деген шынай тілегін айтып тарқасты.
Абай ауданы мешіттерінде өзге ұлт өкілдерін (Өзбек, Азербайджан, Түрік Шешен т.б) шақырып, еліміздегі татулықтың негізі болған достық пен бауырмашылыққа ұйытқы болған өзге ұлт ағаларына алғысымызды айттық. Ол ағалар да Қазақ елінің кең пейіліне, қиын қыстау заманында қамқор қанатына басып ата-ана болған, қазыналы қаряларымызға, ақ жаулықты апаларымызға алғыс айтты. Имамдар жамағат арасында ел ынтымағы үшін белсенділік танытқан азаматтарға алғыс хат берді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ОҚО Орталық мешітінің баспасөз қызметі
01.03.2018
3444
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру