Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы, Маңғыстау облысына қарасты мешіттер әлуметтік аз қамтылған отбасыларға қайрымдылық шараларын жүйелі түрде ұйымдатырып келеді.
Облыстық мешіт және Мұнайлы аудандық мешіті мен «Миғраж» мешіттері бірлесіп 150-ге жуық отбасына бір айлық азық-түлік үлестірді. Қайрымдылық шарасы Жаңаөзен қаласында да өз жалғасын тауып 50 отбасына көмек көрсетілді.
«Алғыс айту күні» қарсаңында ұйымдастырылған игі шараға мешіттерде көмекке тізімде тұрған отбасылар шақыртылды. Бұл бастамада жалғыз басты аналар, көп балалы отбасылар, мүгедек жандар қамтылды. Жүйелі түрде мешіттерден көмек алып тұратын жандар дән риза болып өз алғыстарын жеткізді.
Қасиеттi Құранда:
Демек, қандай жақсылық жасасақ та, ол сауапсыз қалмайды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
01.03.2018
2825
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру