ҚМДБ-ның насихат және қоғаммен байланыс бөлімі, «әйелдер-қыздар секторы» және «Нұр Астана» орталық мешітінің «Жібек» қыз-келіншектер клубының ұйымдастыруымен Алғыс күніне орай қайырымдылық жәрмеңкесі өтті.
Мешіт жамағаты мен қонақтарына «Жібек» қыз-келіншектер клубының мүшелері өз қолдарымен жасаған тәтті тағамдарын ұсынды. Жәрмеңкеден түскен қаржыдан жағдайы төмен отбасылар мен мұқтаждарға көмек көрсетіледі. 2016 жылдың қыркүйек айынан жұмысын бастаған клуб аясында қыз-келіншектерге арналған мастер-кластар, түрлі қайырымдылық шаралар мен діни сауат ашу сабақтары тұрақты жүргізілуде.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі
01.03.2018
3034
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру