Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қостанайдағы «Алғыс күні»

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкілдігінің баспасөз қызметі 01.03.2018 2889 0 пікір
Қостанайдағы «Алғыс күні»

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының тапсырмасы негізінде «Алғыс айту» күнінде Қостанайда біршама шаралар атқарылды. Осы күні Қостанай облысының Діни проблемаларды зерттеу орталығының қолдауымен облыстық «Жастар ісі» және «Қыздар секторы» бөлімдерінің ұйымдастыруымен «Тоғыз құмалақ», «Шахмат» және «Дойбы» ойындарынан сайыс болып өтті.

Аталмыш жарысқа қостанайдың түпкір-түпкірінен 55 адам қатысып бақтарын сынады. Нәтижесі бойынша жарыс соныңда жеңімпаздарға мақтау қағазы мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. 

Сонымен бірге, демеушілердің қолдауы арқасында мешітте күнкөрісі төмен он бес отбасына қайырымдылық мақсатында азық-түлік жағынан көмек көрсетілді.

Сондай-ақ өңірдегі «Зекет» қорының өкілі Жақсылық қажы Ғайсин мен наиб имам Сеит Темірбекұлы «Қостанай балалар арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне барды. Онда ата-анасының қарауынсыз қалған балалар тәрбие алуда. Оларға мейрімділік, татулық туралы тәрбие аларлық өнегелі сөздерден соң, тәттілер мен сусындар үлестірілді.

Мұндай шаралар басқа өңірлерде жалғасын тапты. Қарабалық ауданының «Ғашура ана» мешіті атынан бас имам Серік Темірбекұлы аудандағы қарттар үйінде болып, жылы лебіздермен көңілі қаяу қарттарды бір қуантты.

Кездесу соңында тәттілер мен базарлықтар таратылды. Қарттар болса өз кезегінде алғыстарын жаудырып, баталарын беріп жатты.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру