Ардақты пайғамбарымыз бір хадисінде:
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылғы 14 қаңтардағы Жарлығымен Қазақстанда 1 наурыз Алғыс айту күні болып бекітілді.
Президент Алғыс айту күні туралы:
Алғыс айту күні еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне құрмет білдіретін күні болғандықтан, Семей аймағы бойынша «Әйел-қыздар» секторының ұйымдастыруымен Қос мұнаралы орталық мешітте «Алғысым шексіз, еліме» атты мерекелік шара өтті. Шара барысында ұйымдастырушылар мешітке қадам басып келген адамдарға мерекелік хат сыйлап, шын жүректен алғыстарын білдіріп, көңілдеріне қуаныш ұялатты. Ақ жаулықты әжелеріміз Елбасымыздың амандығы үшін, еліміз береке- бірлікте болсын деп, ақ баталарын берді. Мешітке келуші халыққа көңіл бөліп, қуанышқа бөлегені үшін «Әйел-қыздар секторына», барлық мұсылман қауымына алғысын білдірді.
Шара соңында жауапты ұстаз Тұрлықожанова Динара «Әйел-қыздар секторы» атынан қаламыздағы мешіт имамдарына асыл дініміздің өркендеуі үшін қолдау көрсеткендеріне алғыстарын білдірді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Семей Қос мұнаралы орталық мешітінің баспасөз қызметі
01.03.2018
4571
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру