Қазақстан Республикасы Президенті 2016 жылғы 14 қаңтардағы Жарлығымен 1 Наурыз күнін халықтардың бір-біріне және қазақтарға көптеген халықтар елге күштеп қоныстандырылған кезде төзімділік пен қонақжайлылық танытқаны үшін алғыс білдіре алатын күн деп жариялаған еді. Осы күннің құрметіне орай Павлодар қаласының орталық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің «Барыңмен бөліс!» қайырымдылық қызметі қайырымдылық шарасын ұйымдастырды.
Бұл жолы мүмкіндігі шектеулі азаматтармен қоса мұқтаж болған 30 отбасына ұн, макарон, өсімдік майы, қант, күріш, қарақұмық, халва, шай, май және басқа да азық- түліктер салынған қомақты пакеттер ұсынылды. Сонымен қатар, ізгі ниетті адамдар ұсынған әртүрлі киім-кешектер үлестірілді.
Көмек алған азаматтар мешіт ұжымына алғыстарын білдірді. Қайырымдылық шарасының тұрақты демеушілерінің бірі Елеукенова Бақытжамал қажы апамыз ұйымдастырушыларға:
Алла Тағала берген мал-мүлікті жақсылыққа, қайырымдылыққа жұмсаған адам мол сауапқа ие болады. Пайғамбарымыз:
Әрбір жақсы іс адамның жүзіне жарқындық, жүрегіне нұр орнатады. Әрі оның ризығын кеңейтіп, денесінің қуатын арттырады.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі
01.03.2018
4003
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру