ҚМДБ ағымдағы жылды «Ислам және отбасы» жылы деп жариялауына байланысты ҚМДБ Өскемен аймағы өкілдігі «Зере ана» атты қайырымдылық қор құрды.
Қордың негізгі мақсаты: жат ағымдардың әрекетінен зардап шеккендерге материалдық және рухани қолдау көрсету, кері ағымдардан қоғамды сақтандыруға арналған шаралар жасау.
Осы қор Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінде көпшілікке таныстырылды. Шараға мешіт қызметкерлері мен жамағаты, белсенді азаматтар қатысты.
Жиында қордың төрайымы, өкілдіктің «әйелдер-қыздар» секторының жетекшісі Талшын Қожахметова сөз сөйлеп, атқарылатын шаралардың негізгі бағыттарын түсіндірді.
Жиналғандар қордың жұмысына сәттілік тіледі.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Шығыс Қазақстан облыстық «Халифа Алтай» мешітінің баспасөз қызметі
01.03.2018
3831
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру