Түркістанда белгілі теолог, профессор Досай Кенжетайдың 4 бірдей кітабының тұсауы кесілді.
«Зайырлы ел – қайырлы ел» атты семинарда ел ағасының өмірі мен шығармашалығы кеңінен танылды, деп хабарлайды Shymkenttv.kz.
Теологтың мерейлі тұсаукесер шарасына жиналған қауым ғалымның өткір тілмен жазылған мақалалары мен еңбектерінің құндылығын дәріптеді. Елбасының өткен айда Бас мүфтиге берген Ислам дінін дамытуға бағытталған бірқатар тапсырмалары да осы жазбаларда кеңінен айтылған, - деді жиынға қатысушылар.
Елімізге танымал дінтанушы-ғалымның жарық көрген туындыларын - ел руханиятының қоржынына түскен олжа десек артық болмас. Өйткені, діни экстремизм өршіп тұрған шақта дін жағынан тура жолды көрсетуде - таптырмас қару.
Жастарды қазақтың бағзы болмысына қандыра сусындатып келе жатқан Досай Кенжетайдың еңбегі ұшан-теңіз. Түркістандағы іргелі оқу орнының шәкірттеріне ата-дініміздің үрдістерін үйретіп қана қоймай, тура жолды көрсетіп келеді. Жиында бас қосқандардың осы тұрғыда берер бағасы жоғары.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
kazislam.kz
01.03.2018
3669
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру