Нұр-Мүбарак университетінің студенттері арасында «Ұлы Абай – нар тұлға» атты шығармашылық бәйге ұйымдастырылды. Сайыс барысында студенттер ақын өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқу, қара сөздерін қасиетті Құран аяттары мен пайғамбар хадистерімен сабақтастығын түсіндіріп беруі тиіс болды. Сайыстың ақтық сынына оза шыққан 14 үміткерге билет бойынша кез келген өлеңді жатқа айтып, қара сөздерін талдап беру талабы қойылды.
Үміткерлердің білімін саралау үшін «Исламтану» мен «Жалпыуниверситеттік гуманитарлық пәндер» кафедраларының ұстаздары Асқар Әкімханов, Бауыржан Әлиұлы, Нұрзия Әбішева, Гүлбану Суамбековалар қазылық етті.
Сайыс арасында күмбірлеген күй шертіліп, Абай әндері әуеледі. Абай Құнанбайұлының ғибратты ғұмырына қатысты көрермендер арасынан сауалнама жүргізілді.
Әділ қазылардың шешімімен Мұратхан Набиғалиев 1-орын, Бақдәулет Еркінбек 2-орын, Ерлан Каналин 3-орынға ие болды. Қазылар алқасы қатысушыларға зор алғысын білдіріп, сайысқа өте жоғары баға берді. Сонымен қатар, жастардың ұлттық интелектін байытатын шараны ұйымдастырған университеттің «Дін және тәрбие» бөлімі мен Жастар комитетіне алғыс білдірді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Айша КЕҢЕСБАЙ Нұр-Мүбарак университетінің баспасөз қызметі
01.03.2018
3271
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру