Бас мүфти Серікбай қажы Ораз хазреттің бастамасымен 2018 жыл «Ислам және отбасы» жылы деп бекітіліп, оны Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қызметі аясында іске асыруға тапсырма берген болатын. Әр шаңырақтың іргесі берік, әр ауылдың ынтымағының мығым болуы Тәуелсіздігіміздің тұғырлы, ұлтымыздың ұлағатты болуының басты ерекшелігі болмақ. Ислами қағидаттармен бірге ұлттық асыл құндылықтарды насихаттау, оның өркендеуіне жол ашу бүгінгі күннің басты талабы. Осыған байланысты Талдықорған өңірі Сарқан аудандық орталық мешітте ауданға қарасты ауыл имамдарына «Ислам және отбасы» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді. Семинарға арнайы шақырылған Талдықорған орталық «Иман» мешітінің наиб имамы Усманов Нұрлан Жұманұлы имамдарға қазіргі таңдағы қазақ қоғамы үшін Ислам және отбасы мәселелерінің маңыздылығы жайлы түсінік берді және алдағы уақытта ҚМДБ тапсырмаларын дер кезінде сауаттылықпен атқаруды тапсырды. Сонымен бірге, сауапты һәм жауапты қызмет атқарып жүрген азаматтардың жұмыстарына сәттілік тілеп, дұға жасады.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Талдықорған өңірі бойынша баспасөз қызметі
01.03.2018
3815
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру