ҚМДБ-ның Насихат және қоғаммен байланыс бөлімі «Әйел-қыздар» секторы және «Нұр Астана» орталық мешітіне қарасты «Жібек» қыз-келіншектер клубының ұйымдастыруымен «Қыз-келіншектердің өмір сүру сапасын арттырудағы стресспен күресу орны» тақырыбында арнайы тренинг өткізілді.
«Нұр Астана» орталық мешітінде өткізілген аталмыш тренингті Астана қаласы әкімдігінің «Дін проблемаларын зерттеу орталығы» деструктивті діни ағымдардан зардап шеккендерге көмек көрсету бөлімінің білікті маманы Гүлжан Мырзақұлова ханым жүргізіп, өз тәжірибесімен бөлісті.
Тренинг барысында маман қазіргі қоғамдағы әйел затының күнделікті күйбең тірліктің қиындықтарына мойымай, күйзеліске бой алдырмай қалай өмір сүруге болатынын талқылады.
Сонымен қатар, «Әр әйел өз отбасына қалай ұйытқы бола алады?», «Шаңырағын шайқамай, босағасын берік ұстаудың сыры неде?», «Кез келген күйзеліске күйрей бермей, позитивті болудың және ұлттық салт-санаға сай, діни-шариғи шарттарға берік болудың жолдары қандай?» деген сұрақтардың аясында сөз өрбіді.
Тренингке қатысқан қыз-келіншектер өздерінің жеке мәселелерімен бөлісіп, Гүлжан ханыммен ой-пікір алмаса отырып, мол рухани азық алып қайтты.


ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі
ummet.kz
28.02.2018
4238
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру