Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Мұсылман отбасындағы әйел кісінің орны (ФОТО)

«Нұр Астана» орталық мешітінің баспасөз қызметі ummet.kz 28.02.2018 4629 0 пікір
Мұсылман отбасындағы әйел кісінің орны (ФОТО)

«Нұр Астана» орталық мешітінде «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университеті Исламтану кафедрасының профессоры, Phd докторы Шамшат Амангелдіқызы әйелдер жамағатымен кездесті.

Аталмыш игі шарада Шамшат Әділбаева «Мұсылманның шаңырағындағы жәннаттық шуақтар» атты тақырыбында тағылымы мол лекция оқыды.

Лекция барысында Шамшат ұстаз пайғамбарлар тарихынан отбасылық қатынастарға қатысты мысалдар келтірді. Атап айтсақ, Сүлеймен (ғ.с.), Ибрагим (ғ.с.) пайғамбарлардың отбасындағы қарым-қатынастары жайлы салиқалы сөз қозғалды.

Сонымен қатар, үмметтің аналары – Хадиша, Айша аналарымыздың өмірінен мысалдар келтіріп иманды жар, салихалы ана бейнесін ашты. Қазіргі кезеңде иманды отбасындағы әйел затының орны мен бала тәрбиесіндегі мән берілу керек мәселелерге де тоқталып өтті.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру