Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Алатау ауданы имамдары Бас мүфти бастамасына үн қосты

Алматы қаласы, Алатау аудандық «Бекет-ата» мешітінің баспасөз қызметі 28.02.2018 4249 0 пікір
Алатау ауданы имамдары Бас мүфти бастамасына үн қосты

ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Астанада барлық дін қызметкерлеріне «Өзгеруді өзіңнен баста!» деген ұран тастаған болатын. Осы бастамаға орай, Алматы қаласы, Алатау ауданының имамдары үн қосты.

Шараға Алатау ауданының бас имамдары мен наиб имамдары және барлық дін қызметкерлері қатысты.

Жиын барысында ауданның Бас имамы Орынбасар қажы Дәуренбеков: «ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы дін саласындағы барлық қызметкерлерге: «Өзгеруді өзіңнен баста!» деген ұран тастады. Осы ұранға біздер де қолдау керсетіп, өзгеруді өзімізден бастауымыз керекпіз. Әр адам өз бойындағы кемшіліктерді түзеп, мінезін өзгерту арқылы салауатты қоғам, ізгі орта қалыптастыра алатыны ақиқат», - деді.

Басқосуда Алатау ауданының Бас имамы аудан бойынша атқарылған шараларды баяндап, ҚМДБ төрағасы, Бас мүфтидің тапсырмаларын жіті орындау, 2018 – «Ислам және отбасы» жылы аясындағы шараларды нәтижелі атқару, кері ағымдарға қарсы күресті күшейту туралы имамдарға арнайы міндеттемелер жүктеді.

Жиын барысында имамдар өз ойларын ортаға салды.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру