ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі, орталық «Ақмешіт – Сырдария» мешітінің бас имамы Болатбек қажы Ұласқанұлы қаладағы әйелдер-қыздар секторының жұмысымен танысу мақсатында кездесу өткізді.
Кездесуге облыстағы әйелдер-қыздар секторының жетекшісі Файзуллина Марал да қатысты.
Қалалық мешіттердегі әйелдер-қыздар жамағатының ұстаздарымен кездескен өкіл имам ең алдымен олардың жұмыс жоспарымен танысты. Жұмыс жоспарымен таныса келе, бірқатар ұсыныстарын жеткізіп, бұл бағыттағы шараларды күшейтуді тапсырды.
ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың биылғы жылды «Ислам және Отбасы» жылы деп атағанын айта келе, әсіресе әйелдер-қыздар секторына артылар жауапкершіліктің маңыздылығына тоқталды.
Өз кезегінде Болатбек қажы Ұласқанұлы ұстаздар тарапынан айтылған ұсыныстар мен пікірлерді тыңдап, мүмкіндігінше қолдау білдіретіндігін жеткізді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі
28.02.2018
3397
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру