Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

«Әуезді азаншы» сайысы мәреге жетті

ҚМДБ-ның Қостанай облысындағы өкілдігінің баспасөз қызметі 28.02.2018 3265 0 пікір
«Әуезді азаншы» сайысы мәреге жетті

Ислам дінінде азан шақырудың алар орны ерекше. «Азан» - Ислам дінінің бес парызының бірі - намазға шақыруды білдіреді. Осы ретте Қостанай облысы бойынша мешіттердің  шәкірттері арасында аса маңызды сайыстарды тұрақты ұйымдастыру дәстүрге айналған. 

Жуырда «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітінде «Әуезді азаншы» атты облыстық азаншылар жарысы өтті.

Сайысқа Құрманғазы ағамыз үлгі ретінде жария садақа етіп, осынау игі бастамаға демеушілік жасады.

Аталмыш  сайысқа өңірден  40-қа жуық  азаншылар (муаззин) қатысты. Жарыс екі кезеңнен тұрды. Қазылар алқасы алғашында азаншының тәджуиді мен мақамына мән берсе, келесі кезеңінде азан тақырыбы аясында үш сұрақ қойылды.

Сайыс қорытындысы бойынша Таран ауданынан келген Арғынбек Бейбітханұлы Бас жүлдені жеңіп алып, 30 мың теңге сыйлыққа ие болды. Ал бірінші орын «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітіндегі жас шәкірттердің бірі Оразхан Зейноллаұлына бұйырып, оған 20 мың теңге табыс етілді.

Сондай-ақ, жүлделі екінші орын мен 15 мың теңгені Жангелдин ауданының жас шәкірті Архат Құлтайұлы иемденді. Үшінші орын және 10 мың теңге ақшалай сыйлық «Аймағанбет қажы Спанұлы» мешітің шәкірті Дәуренбек Саламатұлына бұйырды.

Ал қалған барлық қатысушыларға Бас мүфтиіміз Серікбай қажы Сатыбалдыұлының «Тәпсір тұнығы» атты кітабы мен ақшалай ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру