Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БҚО: Өкіл имам имам-молдалармен жүздесті (ФОТО)

Нұрлан САМАТҰЛЫ 27.02.2018 4189 0 пікір
БҚО: Өкіл имам имам-молдалармен жүздесті (ФОТО)

ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкіл имамы Еркебұлан Қарақұлов облыс, қала мешіттерінің имам-молдаларымен кездесті. 

Жиналыс барысында Еркебұлан Ибрайымұлы мешіт тынысымен танысып, "Ислам және отбасы жылы" аясында атқарылатын жұмыстардың жай-күйін пысықтады. Сондай-ақ, ҚМДБ-ның ел мешіттеріне белгілеп берген жұмыс жасаудың "төрт бағыты" туралы кеңінен тоқталып, қызметкерлерге аталмыш жұмыс бағыттарының бүгінгі ел өміріндегі мән-маңызына тоқталды.

Облыстық орталық мешітінің бас имамы Еркебұлан Қарақұлов:

"Уағыз-насихат,  діни сауат ашу, жат ағымдармен жұмыс жəне қайырымдылық істері әрқашан қаперімізде ұстауымыз қажет. Әрбір имамның, әрбір қызметкердің жұмысы жоспарлы да жүйелі түрде болуын талап етемін. Сол арқылы құрметті имам-молдалар, біз халыққа асыл дінімізді, Ислам құндылықтарын Алланың үйінен ғана алуға, үйренуге шақыруымыз керек. Сондай- ақ, бұл іске өзіміз атсалысуға тиіспіз",-деді.

Өкіл имам имам-молдалардың жұмыстарына сәттілік тілеп, алдағы уақыттарда атқарылуы тиіс іс-шаралар туралы бір қатар нақты тапсырмалар жүктеді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру