ҚМДБ-ның Талдықорған өңірі бойынша өкілдігі жанынан құрылған әйел-қыздар секторының жұмысы тек оқу-ағарту ғана емес, әйел- қыздар жамағатына арналған арнайы үйірме және оқыту семинарларын ұйымдастыру болып табылады.
«Кәсібім – менің нәсібім» атты семинар-тренингте қыз-келіншектерге қазіргі заманда кәсіп таңдау мәселесінде шариғаттың не дейтіні жайлы кеңінен түсіндірілді.
Ал, кестешілер үйірмесінде құрақ көрпе тігуден мастер класс өтті. Алматыдан арнайы келген құрақшы Науат апамыз бірнеше құрақтың үлгілерін көрсетті. Атап айтқанда, апамыз қыз- келіншектерге түймедақ құрағын құраудың үлгісін көрсетті. Ризашылықтарын білдірген шәкірттер дәріс соңында Науат апаға Құран Кітапты сыйға берді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Талдықорған облыстық баспасөз қызметі
27.02.2018
4237
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру