ҚМДБ-ның Павлодар облысы бойынша өкілдігінің әйелдер-қыздар секторының басшысы, ұстаз Қарлығаш Қажымәлікқызының ұйымдастыруымен облыстық «Мәшһүр Жүсіп» мешітінің кітапханасында «Артық ғылым кітапта, Ерінбей оқып көруге» тақырыбында интелектуалды сайыс өтті. Шараны өткізудегі мақсат жастарды кітап оқуға үндеу, олардың кітапқа деген сүйіспеншілігін ояту, оқу мәдениетін қалыптастыру.
Шараға қонақ ретінде облыс мешіттеріндегі әйел ұстаздары шақырылды. Екібастұз мешітінің ұстазы Зауре Шамсидинқызы жеті шәкіртімен қонақ болып қатысты.
Сайыс қасиетті Құран Кәрімді оқумен басталып, ұстаз Қарлығаш Қажымәлікқызы мен Ақерке Тұрғанбайқызының уағыздарымен жалғасты, одан ары қарай шәкірттер «Аллаға мадақ, пайғамбарға салауат» атты хор, шәкірт Әлімхан Данаханның кітап оқудың артықшылығы туралы баяндама жасап, шәкірттердің қатысуымен «Білім алу ерге де, әйелге де- парыз» тақырыбында көрініс, сұрақ-жауап, әртүрлі интелектуалды ойындар және өнер, білім-ғылым туралы Абай Құнанбаев, Ыбырай Алтынсарин өлеңдерінен мәнерлеп оқу секілді тәлімді де ғибратты шара соңында шәкірттер «Құран хақ» өлеңін хормен айтты. Шара қорытындысы ретінде қатысушыларға алғыс айтылып, сыйлықтар беріліп, шағын дастархан жайылды. Дастархан басында әжелер жастарға дастархан батасын беруді үйретті.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Мәшһүр Жүсіп» мешітінің баспасөз қызметі
27.02.2018
6782
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру