Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Шәкірттер білім сайысында сынға түсті (ФОТО)

27.02.2018 3401 0 пікір
Шәкірттер білім сайысында сынға түсті (ФОТО)

Ақтөбе медресе колледжінің 2 курс студенттері арасында Алла Тағаланың көркем есімдерін жатқа айтудан сайыс өтті. Аталған сайысқа шәкірттер белсене қатысып, өз білімдерін сынға салды. Сайыскерлер Жаратушының көркем есімдерін тек жаттап қана қоймай, мағынасын ашып, әр көркем есімнің мәніне талдау жасады. Сонымен қатар, сайыскерлерге «Хадис айтып, мағынасын ашып түсіндіру», «Мақал-мәтел айтып, ондағы ойдың тереңдігін ашу», ««Рухани жаңғыру» деген қағиданы қалай түсінесің?», «Абай Құнанбайұлының даналығының сыры неде?», «Болашаққа жоспарың қандай?» деген секілді т.б түрлі тақырыпты қамтитын сауалдар қойылды.

Медресе колледж студенттеріне шығармашылық жарыстар мен түрлі білім сайыстарын ұйымдастырып жүретін медресе колледж кітапханашысы, ардагер ұстаз Зейнеш Әбілқызы әжеміз барша шәкірттерге өз ризашылығын жеткізе отырып, оқуда ынталы болып, әрдайым биік шыңдардан көріне берулерін тілеп, батасын берді. 

Сондай-ақ, білім сайысына медресе колледж ұстаздары Мұрат Нұрлан, Қойшыбай Нұрмұхан төрелік етіп, өз бағаларын беріп отырды.

«Мақсат – болашақ дін тізгінін ұстар діни мамандарымыздың тек дін саласын меңгеріп қана қоймай, қоғамдық мәселелерде де өз ойын ашық та еркін жеткізе алатын, парасат-пайымы терең тұлға болып қалыптасулары үшін жан-жақты етіп тәрбиелеу», - дейді қазылық етуші ұстаздар.

Қойылған сұрақтарға тұщымды әрі нақты жауап беріп, тапсырмаларды тиянақты орындай білген сайыскерлерді бағалау нәтижесі бойынша Қуантайұлы Наурызбай жүлделі бірінші орынды, Қайназар Жақсыбек екінші орынды иеленсе, үшінші орынды Жолдасбек Олжас қанағат тұтып, Баймағанбет Ғабидолла ыналандыру сыйығына ие болды. Барлық жүлделі орын иеленушілерге мазмұны терең кітаптар мен мақтау қағаздары табыс етілді.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру