Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

АҚТӨБЕ: Шыныға білген шын мықты!

Облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінің баспасөз қызметі 27.02.2018 3492 0 пікір
АҚТӨБЕ: Шыныға білген шын мықты!

Қыс – мүміннің көктемі. Құлшылық үшін қолайлы ғана емес, салауаттықты сақтаудың да таптырмас сәті. Осы орайда, өткен жылы Универсиаданы қолдау мақсатында қала мешіттеріндегі әйелдерге арналған діни сауат ашу курсының шәкірттері арасында қысқы спорт  түрлерінен сайыс ұйымдастырылған болатын. Биыл қысқы спартакиадамен тұспа-тұс келген игі бастама тағы да жалғасын тапты. Жарысты Ақтөбе өкілдігінің жылдық жұмыс жоспарына сәйкес ҚМДБ әйел-қыздар секторының облыстағы өкілі мен мешіт ұстаздары бірлесе өткізді. Оған «Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешіті, әйелдерге арналған діни сауат ашу орталығы және «Досжан хазрет» мешітінен 120-ға жуық шәкірттер мен спорт сүйер жастар қатысты.

Коньки мен шаңғы тебуден жарысқан шәкірттердің әрқайсысы бірнеше айналымды бағындырып, ептіліктері мен жылдамдықтарын сынға салу керек болды. Оларға мешіт ұстаздары Диляром Бектаева, Бақыт Жансүгірова және Ақжарқын Жылысбаева төрелік етті.

Сайыс кезінде қарсыластарын уақытпен ұтып, мәреге бірінші болып келгендер жеңіске жетті. Нәтижесінде, конькиден І және ІІ жүлделі орындарды қос Фатима есімді шәкірттеріміз иеленді. Үздіктер қатарына іліккен Ләззаттың да қанжығасы майланып, ІІІ орынды ұтып алды. Ал қар үстінде «ескек есуден» ептілік танытқан шаңғышы шәкірттеріміздің арасында Юнус жеңіске жетіп, Фатима мен Айнаш ІІ және ІІІ орындарға ие болды. Жеңіс тұғырынан көрінген барлық жеңімпаздар өкіл имам Төлеби Оспанның атынан арнайы Алғыс хаттармен марапатталды. Сондай-ақ, «Нұр Ғасыр» мешітінің «Сен де үлес қос!» қайырымдылық акциясының атынан естелік сыйлықтар табыс етілді.

Сайыс соңында дастархан жайылып, дәм басында пайдалы насихаттар мен ғибратты әңгімелер айтылды

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру