Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде ҚМДБ- ның «Жастар ісі» секторының ұйымдастыруымен «Әуезді азаншы» атты азан шақырудан жарыс ұйымдастырылды.
«Азан» сөзі араб тілінен тікелей аударғанда - «хабар беру», «білдіру» деген мағынаны білдіреді. Ал терминдік мағынасы парыз намаздарының уақыттарын білдіру үшін айтылатын сөздердің жиынтығы. Жалпы Ислам тарихында алғашқы азанды Медине қаласында хазірет Біләл айтқан. Азан - барша мұсылманды бес уақыт намазға шақыратын аса ізгі амал. Азанның өзіндік шығу тарихы мен дінімізде алар орны ерекше. Асыл дініміз қанат жая бастаған дәуірде мұсылмандарды құлшылыққа шақыратын бір белгі, әдістің қажеттілігі туындағандықтан, азан айту үрдісі ортаға шыққаны тарихтан белгілі.
Аталмыш жарыста жүлделі бірінші орынды Аманкелді Ерасыл иеленсе, екінші орынды Амангелді Дос қанжығасына байлады. Ал, кезекті үшінші орын Нұрмұхамбет Байсүгіровке бұйырды. Жарысқа төрелік еткен Қарағанды облысының өкіл имамы Өмірзақ қажы Бекқожа мырза уағыз насихат айтып, қатысушыларға сертификат табыстады. Ендігі уақытта сертификат иеленген қатысушылар аймағымыздың барлық мешіттерінде азан шақыра алады. Азан жарысын өткізудегі мақсат жамағаттар арасын біріктіру, діндегі білімге деген, мешіттің тыныштығына деген көзқарастарын жақсарту. Рухани іс-шараға дән ризашылдығын білдіріп, алдағы уақытта осындай жарыстар өткізіліп тұрса екен деп ұсыныстар айтты.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі
27.02.2018
3547
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру