Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Пайғамбар сүннетін дәріптеу - мұсылманның міндеті

 Талдықорған өңірлік баспасөз қызметі 27.02.2018 3214 0 пікір
Пайғамбар сүннетін дәріптеу - мұсылманның міндеті

Алланың елшісі мұсылман үмбетінің адаспасы үшін екі нәрсені қалдырып, сол екеуінен мықтап ұстануды бұйырған.

Осы хадиске амал ету мақсатында ардақты пайғамбардың сүннетін дәріптеу үшін Талдықорған өңірлік "Иман" мешітінде қалалық мешіттер жамағатының арасында "Мұсылман қорғаны" кітабы бойынша сайысының бірінші кезеңі болып өтті. Бұл сайыста шәкірттер жасы мен деңгейіне қарамастан пайғамбарымыздың хадистерінен алынған, өмірдің әр сәтінде келетін дұғаларды жатқа айтып, мағынасын түсіндіріп берді.

Сайыс қорытындысы бойынша, Бас жүлде "Иман" мешітінің шәкірті Болат Исмаилға бұйырды. 2-ші орын 5 жастағы Нұртуған ұлы Мекке атты бүлдіршінге берілді, ал, 3-ші орын әділ қазылардың шешімімен Ерлан ұлы Ерсінге бұйырды. Сонымен қатар, қосымша 3 орынға ынталандыру сыйлықтары берілді.

Сайыстың келесі кезеңі 2 айдан кейін өтетін болып, әр сайыста жаңадан дұғалар жатталатын болады. Алла жазса, сайыстың ең соңғы кезеңіне дейін шәкірттеріміздің "Мұсылман қорғанында" келген барлық дұғаларды жаттап алады деген үміттеміз.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру