Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

БАС ИМАМ ҚАЛА ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Алматы орталық мешітінің баспасөз қызметі 27.02.2018 3167 0 пікір
БАС ИМАМ ҚАЛА ЖАСТАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Бас имам Еркінбек Шоқай Алматы қаласының белсенді студенттерімен және ерікті жастарымен кездесу өткізді. Жиында бас имам қала жастарына дін саласында атқарылып жатқан игі жұмыстар мен оның негізгі мақсаты туралы айтып берді.

«Еліміз тұрақты даму үстінде. Жастарға білім алып, еңбек етуге барлық мүмкіндік жасалған. Аллаға шүкір, соңғы уақытта жастардың елге деген сүйіспеншілігі мен махаббатын оятатын іс-шаралар мешіттер аясында ұйымдастырылып келеді. Құрбан айт, Рамазан, Ораза айт, Мәуліт сияқты мерекелік шараларды жастармен бірлесіп атқару дәстүрге айналды. Жас ұрпақты имандылыққа баулуды мақсат еткен іс-шаралардың жастарға берер тәрбиесі мол. Сондықтан, алдағы уақытта діни мерекелер мен ізгі шараларды бірлесіп атқаруымыз керек», – деді бас имам Еркінбек Шоқай. 

Сондай-ақ, жастармен өткен жүздесуде Алматы орталық мешітінің наиб имамы, Жастар секторының өкілі Руслан Қайыргелді мен өзге де белсенді жастар өз ойын ортаға салып, ұсыныстарымен бөлісті.

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру