ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің әйелдер-қыздар секторының бастамасымен қалалық «Сұлтан» мешітінде хадис сайысы өткізілді. Жас айырмашылығына қарай екі топ арасында өткен хадис сайысына әйелдер-қыздар жамағатынан 14 шәкірт қатысты.
Хадис сайысының шарттары бойынша қатысушылар хадистің кімнен риуаят етілгендігі, хадистің қатесіз айтылуы, сөз мағынасының түрленбеуі, жатталған хадистің 40-тан кем болмауы, бір хадиске терең мағынада талдау жасау бойынша сынға түсті. Сайысқа мешіт имамдары, әйелдер-қыздар секторының ұстаздары қазылық жасады.
Сайыс нәтижесі бойынша үлкендер тобынан бірінші орынды Накишева Бағдагүл, екінші орынды Ибраимова Күлән, үшінші орынды Шақманова Саркыт иеленсе, жастар тобы бойынша бірінші орынды Беркенова Бағжан, екінші орынды Өмірғали Сафура, үшінші орынды Өмірбекова Ақнұр иеленді.
Құраннан кейінгі исламның ең маңызды қайнаркөзінің бірі болып табылатын «хадистерді» жаттау бойынша өткен сайыс жеңімпаздары бағалы сыйлықтармен марапатталды.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі
26.02.2018
3709
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру