Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Атырау облысы бойынша өкіл имамы Батыржан Мансұровтың бастамасымен орталық «Иманғали» мешітінде азан жарысы өтті. Атыраулықтармен бірге, көршілес Маңғыстау облысының орталығы Ақтау қаласынан азаматтар арнайы қатысқан сайыста үміткерлер нақышына келтіріп азан шақырудан өзара бәсекеге түсті.
Рухани, тәрбиелік маңызы зор шараның ашылуына Атырау облысының Бас имамы Батыржан қажы Берденұлы арнайы қатысып, азанның маңызына тоқталды.
Қырыққа жуық үміткер сынға түскен тарты бәсекеде Саламат Иманғалиев бірінші орынды иеленді. Екінші және үшінші орындарды Руслан Ибраев пен Мухаммад Зейнуров өзара бөлісті. Үздік шыққан үштікке теледидар, қысқа толқынды пеш және шаңсорғыш сыйға тартылды. Ал, ынталандыру сыйлығына Нұрхат Егізов пен Ерсұлтан Киндуллаев лайық деп танылып, оларға діни кітаптар тарту етілді.
Айта кетелік, «Азан» сөзінің этимологиялық мағынасы «құлақтандыру, хабарлау» дегенге саяды. Ал, ислам дініндегі анықтамасы - шариғат бекіткен арнайы сөздерді айту арқылы намаз уақытының кіргендігін құлақтандыру, хабарлау деген сөз. Бес уақыт намаз бен жұма намазына азан шақыру ерлер үшін – бекітілген сүннет болып табылады.
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі
26.02.2018
3284
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру