Имамдық қызмет – жауапкершілігі зор қызмет. Себебі, адамның ең басты байлығы – оның иманы. Жамағат пен жұртшылыққа имандылық дәнін сеуіп, діннің қанат жаюына бірден бір септігі тиер тұлға да осы имам. Осы қызметтің жүгін арқалап, Сыр еліне тағайындалған өкіл имам Болатбек Ұласқанұлы жұмысына кірісіп кетті.
Ең алдымен ол ұжым қызметкерлерімен танысып, өздеріне тиесілі лауазымдық нұсқаулығы бойынша атқаратын міндеттерін талқылады. Б.Әбуов жиын барысында қызметкерлерге:
Сондай-ақ, ұйымдастырылатын қайырымдылық шараларын күшейтіп, жамағатпен жасалар жұмыстың қарқынды болуын тапсырды. Сонымен қатар, алдағы жоспар бойынша орталық мешітте білімді, білікті ұстаздар жүйелі түрде сабақ беретін болады. Бұл өкіл имамның жұмыс жоспарының бір бөлігі ғана.
Бұдан бөлек әйелдер-қыздар секторымен жұмыс, жамағат үшін кітапхананың қолжетімді болуы, өкілдік жанынан ақсақалдар алқасын құру секілді мәселелерді қарады.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Қызылорда облыстық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің баспасөз қызметі
26.02.2018
3232
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру