Атырау қаласына ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі Дін істері комитетінің төрағасы Оңғарбаев Еркін Әнуарұлы іссапармен келді.
Сапар барысында ҚР Президентінің 2018 жылғы 10 қаңтардағы «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін жан жақты түсіндіру мақсатында өңірдегі діни бірлестік қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдар және БАҚ өкілдерімен жиын өтті. Жиынға ҚМДБ-ның Атырау облысы бойынша өкілі, «Иманғали» орталық мешітінің бас имамы Б.Мансұров, «Приход Собора Успения Божией Матери Уральской Епархии» шіркеуінің басшысы М.Соколов, Римдік-католиктік Атырау Апостол Әкімшілігінің Апостол әкімшісі Б.Дариуш, «Шапағат» қоғамдық қорының директоры М.Тұрлыбеков, «Ақпарат» қоғамдық ұйымының директоры Г.Елешова, «Төртінші билік» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі А.Адиева және басқа да діни бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдары өкілдері қатысты.
Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауында еліміздің одан әрі даму жолына мақсатты және айқын бағыттар қойылған, осы мақсатта жұмыла шешілетін міндеттерді өзара бірлікте атқару өте маңызды.
Сонымен қатар, жиын барысында Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасы негізінде әзірленгенжәне қазіргі уақытта Парламент Мәжілісінің талқыланудағы «Діни бірлестіктер мен діни қызмет туралы» Заң жобасындағы бірқатар маңызды мәселелер төңірегінде ой қозғалды.
Жиын соңында қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға дәйекті жауаптар берілді.



ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
kazislam.kz
26.02.2018
3388
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру