Жұма күні орталық «Иманғали» мешітінде қайырымдылық жәрмеңкесі болып өтті. Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Насихат және қоғаммен байланыс бөлімі Атырау облысы бойынша Әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен өткен шарада шәкірттердің қолымен жасалған түрлі тұрмыстық бұйымдар мен кондитерлік өнімдер саудаға қойылды.
Жұма намазынан кейін ұйымдастырылған қайырымдылық жәрмеңкесі кезінде жамағатқа тегін шай дастарханы да жайылды. Шараға қолдау білдіру мақсатында Қазақстан Мұсылмандары Діни Басқармасының Атырау облысы бойынша өкіл имамы Батыржан Мансұров қажы да сауда жасап, ұйымдастырушыларға ризашылығын жеткізді.
Айта кетелік, ислам дінін насихаттаушы әйгілі ғұламалар адамдардың бір-біріне қарайласа жүруінің рухани пайдасы зор екенін алға тартады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) мұсылмандардың періштедей пәк күйге бөленуі үшін садақа беруден тартынбауға үндеген. «Бір құрма болса да садақа беріңіз. Өйткені (садақа) кедейді қуандырады, сондай-ақ, судың отты өшіргені секілді, (садақа) күнәларыңызды жоқ қылады» деген хадис-шариф, садақа берудің мұсылмандардың рухани тазаруына жол ашатын ізгі амал екенін әйгілеуде.

.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
.jpg)
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.
26.02.2018
3139
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру