Маңғыстау облыстық орталық мешіті жанындағы сауат ашу курсы жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Әр түрлі жастағы мешітке келушілер ақида, фиқһ, пайғамбар өмірі, Құран әліппесі сабақтарын үйренуде.
Мешіт шәкірттері Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, Маңғыстау өңіріне белгілі, құрметті азамат, өлкетанушы Отыншы Көшбайұлымен кездесті. «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған игі шарада облыстық тарихи өлкетану мұражайында қызмет атқаратын Отыншы Көшбайұлы Маңғыстау жерінде дүниеден өткен ахун, ишандардың өмірі жайлы айтып, олардың атқарған істері мен қалдырған еңбектеріне тоқталды. Бабалардан қалған негізгі байлық жер асты мешіттері мен медреселер тарихы жайлы сөз қозғап, шәкірттер тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Мәдениет қайраткерімен кездесіп, біршама мағлұмат алған шәкірттер дән риза болып, келген қонаққа өз алғыстарын білдірді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
26.02.2018
2982
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру