2018 жылғы 24 ақпан күні, Шымкент қаласындағы «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ғимаратында Оңтүстік Қазақстан облыстық әкімшілігінің қолдауымен облыстық ардагерлер кеңесі және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының облыс бойынша өкілдігі жанынан құрылған Ақылдастар алқасының кеңейтілген мәжілісі өтті.
Отырыс «Ұлттық салт-дәстүр мен діни рәсімдердің сабақтастығын бір ізділікке бағыттау мәселелері» тақырыбына арналды.
Іс-шараны облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов жүргізді. Іс-шараға облыс әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібеков, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының уағыз насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі А. Ұтысханұлы, облыстық «Ақылдастар алқасының» мүшелері, қоғам қайраткерлері Р.Халмұрадов, Ш.Мырзахметов, Ә.Досболов, Д.Шерімқұлов, жазушы М.Байғұт, тағы басқа қала, аудан мешіттерінің бас имамдары, қалалық, аудандық ардагерлер кеңестері төрағалары, төбе билер, зиялы қауым өкілдері, үкіметтік емес ұйымдар төрағалары, әйелдер қауымдастығы өкілдері, бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары мен өкілдері қатысты.
Бас қосу бағдарламасына сәйкес облыс әкімінің орынбасары Ұ.Сәдібеков, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының уағыз насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі А. Ұтысханұлы, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж. Мәуленқұлов, жазушы М.Байғұт, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы Б.Бейсенбаев арнайы баяндама жасап, сөз сөйледі.
Мәжіліс барысында ұлттық салт-дәстүр мен діни рәсімдердің сақталуындағы аға буынның рөлі, қазіргі қоғамдағы діни рәсімдер мен жоралғыларды жүргізу барысында ысырапшылдыққа жол бермеу мәселелері талқыланды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен «Жаназа және діни рәсімдер» кітабын басшылыққа алып, атқарылуды қолдап облыс халқына үндеу тасталды. Осыған орай, арнайы жұмысшы топ құрылуын алға тартып, сөзіміз ісімізден алшақ болмауына аса мән берді. Жиын соңында ақылдастар алқасы ой-пікірлерімен бөлісіп, басталған іске жұмыла кірісуді қолдады.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
ОҚО Орталық мешітінің баспасөз қызметі
26.02.2018
3695
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру