Қазақстан Мұсылмандары діни басқармасы, Ғұламалар кеңесінің мүшесі Ерсін Әміре ұстаз Маңғыстау жеріне келіп, жамағатпен жүздесті.
Облыстық орталық мешітте жұма намазына келген жамағатқа «Исламдағы көркем мінез» тақырыбында уағыз айтты. Сонымен қатар, уағыз ақшам намазынан кейін де жалғасып, маңызды мәселелерге тоқталып, жамағаттың көкейлерінде жүрген сауалдарға жауап берді.
Жаңаөзен қаласындағы сәні мен сәулеті жарасқан «Әбіш қожа» мешітіне де арнайы барып, жамағатпен кездесіп, дініміздегі бауырмашылықтың маңызы жайлы сөз қозғап, жамағат тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.
Елімізге танымал ұстазбен кездесіп, емін-еркін сұхбаттасқан мешіт жамағаттары Өкіл имам Смайыл қажы Сейтбекке алғыстарын білдірді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Маңғыстау облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
26.02.2018
3363
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру