Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқай ҚазҰУ Шығыстану факультетінің ұйымдастыруымен өткен «Иран-Түрік руханиятындағы Яссауидің орыны» атты дөңгелек үстелге қатысты. Сондай-ақ, түркі халықтарының дара тұлғасы Қожа Ахмет Яссауидің рухани мұрасына арналған шараға белгілі қоғам қайраткерлері мен А.Яссауи мұрасын зерттеуші ғалымдар қатысып, өз ойларын ортаға салды.
Бас имам жиын барысында Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың арнайы қатыса алмауына байланысты ыстық сәлемін жеткізіп, қоғамдағы өзекті мәселелерді шешуде Яссауи ілімінің орны мен рөлі ерекше екеніне тоқталды.
Жиында сөз алғандар осындай басқосулардың ұлттық құндылықтарды дәріптеу мен тəжірибені арттыруға маңызы зор екенін айтты. Яссауи мұрасының адамзат игілігіне айналуына қазақ елі ғалымдарының да сүбелі үлес қосып келе жатқанын жеткізді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
Әсет Бектұр, Алматы қаласының баспасөз хатшысы
24.02.2018
3571
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру