Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Бас имам айлық дастарханда уағыз айтты (ФОТО)

«Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі 24.02.2018 3432 0 пікір
Бас имам айлық дастарханда уағыз айтты (ФОТО)

Кеше Ақтөбе облыстық орталық «Нұр Ғасыр» мешітінде жамағатқа айлық дастархан жайылды.

Ақшам намазынан кейінгі ауызашарға жиналған жамағат өкіл имамның әсерлі де тартымды уағызын тыңдап рухани нәр алды. Мүміндердің Құрандағы сипаттарын баяндаған бас имам сахабалардың өнегелі өмірінен сыр шертті.

Қоғамымыздағы Алланың ерекше нығметіне бөленген дәулетті кісілерді жәннаттағы орындарымен сүйіншілеп зекет беруге шақырды. «Нұр Ғасыр» жамағатын ауызбіршілікке шақырған имам бірлік пен бейбітшілікті басты назарға алды.

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру