Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

"Құспан молла" мешітінде айлық отырыс өтті

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз қызметі 23.02.2018 3068 0 пікір
"Құспан молла" мешітінде айлық отырыс өтті

Атырау қаласындағы Құспан молла мешітінде айлық отырыс өтті. Жамағат үшін жайылған кең дастарханда Мұхаммед пайғамбарымыздың көзін көрген және оның ізгі жолын жалғаған сахабалардың өмірі туралы сұхбат құрылды. Осы тақырыпта уағыз айтқан Атырау қалалық «Әт-тақуа» мешітінің бас имамы Өсімхан Аманбайұлы сахабалардың өнегелі өмір жолын кейінгі буынға үлгі етті.

«Ислам тарихына байланысты жазылған классикалық кейбір еңбектерде сахабалардың саны жүз мыңға дейін жеткендігі туралы айтылады. Мысалы, қоштасу қажылығына 40 мың, Тәбук жорығына 70 мың сахабаның қатысқандығы жайлы Ислам тарихына байланысты шығармаларда мәліметтер бар. Сахаба есімдерін шығармасында ең көп көрсеткен ғалым – Ибн Хажар. Ол әйгілі «Исаба» атты еңбегінде 11 783 сахабаның атын атайды. Қалай десек те, сахабалар ислам дінінің бүгінгі ұрпаққа саф күйінде жетуіне үлес қосты» деп атап өтті Өсімхан ұстаз.

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру