Ақтөбе қаласы С.Жиенбаев атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасында «Дін – зайырлы мемлекеттің рухани тірегі» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелге кітапхана директоры Калдина Гүлжайнар, Ақтөбе облыстық «Нұр Ғасыр» мешітінің наиб имамы Смағұлов Нұрбол, Ақтөбе қаласының үздік дінтанушы мұғалімі Күнімайгүл Смадиярқызы, сондай-ақ, кітапхана қызметкерлері және ерікті оқушылар қатысты. Діни экстремизмнің қатері мен зияны сейілмей тұрған осы күндері бұл кездесудің маңыздылығын жеткізген кітапхана директоры Калдина Гүлжайнар алғы сөзді мешіт имамына ұсынды.
Нұрбол Смағұлов жиынды ұйымдастырған мекеме ұжымына алғысын айтып, өз сөзінде діни экстремизмге төтеп берудегі діни сауаттылықтың маңызын атап өтті. Еліміздің дәстүрлі діни бағыты – ханафи мәзһабының тарихымен бөліскен имам мәзһабтан ауытқыған діни экстремизмнің радикализмге, ал радикализмнің терроризмге жол ашатындығын жеткізді. Және де дөңгелек үстелдің тақырыбын жан-жақты ашып, оқушылардың қазіргі таңдағы негізгі міндеттері мен мақсаттары білім алу болу керектігін түсіндірді.
Сонымен қатар, зайырлы мемлекеттің рухани тірегі болған ислам дініміздің аясында оқушыларды алдағы уақытта кездесулер мен семинар отырыстарда басқосуға шақырды. Ақтөбе қаласы бойынша үздік дінтанушы мұғалім Күнімайгүл Смадиярқызы қазақ жеріндегі ислам дінінің өркендеуіне үлкен үлес қосқан ғұлама ғалымдардың өмірінен сыр шертіп, Құран Кәрімнің құндылығы жайында ғибратқа толы уағыз айтты. Ол өз сөзінде ҚМДБ-ның жергілікті өкілдігімен бірлесе отырып, діни экстремизмнің алдын алуда көп іс-шараларды бірге атқаруды ұсынды. Кітапханада «Дін – зайырлы мемлекеттің рухани тірегі» атты діни кітаптардан тұратын кітап көрмесі жасалып, сөреге қойылған дәстүрлі дінімізді насихаттайтын, қазақтың ислами шежіресі және көптеген әдебиеттермен таныстырылды.
Жиын соңында дін мамандары тыңдармандарды толғандырып жүрген сұрақтарға тұшымды жауап берді.
ДІНИ МЕРЕКЕЛЕР
«Нұр Ғасыр» облыстық орталық мешітінің баспасөз қызметі
23.02.2018
3364
0 пікір
+7 7172 999 866
Астана қаласы, Қарасаз к-сi, 3
Пікірлер (0)
Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру