Таң

Күн

Бесін

Екінті

Ақшам

Құптан

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде рухани отырыс болды (ФОТО)

ҚМДБ- ның Қарағанды облысы бойынша баспасөз қызметі 23.02.2018 3212 0 пікір
Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде рухани отырыс болды (ФОТО)

Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінде дәстүрге айналлып бара жатқан жамағаттың бірлігіне арналған рухани кеш өтті. Аталмыш рухани кешке Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітінің, Қарағанды қалалық «Әл Машани» мешітінің, «Балақажы» мешітінің, Теміртау  және Шахтинск қаласының жамағаты жиналды.

Атап айтқанда, шешен халқы, түрік диаспорасы, Қарағанды қайырымдылық мекемесінің және жат ағым өкілдері болды.  Жамағаттың басы қосылған рухани кеште Қарағанды облыстық «Әнет баба» мешітін бас имамы Өмірзақ қажы Бекқожа жамағатқа өзінің ыстық лебізін білдіріп, бірлік пен татулық жайлы уағыз- насихатын айтты.

Сондай– ақ, ҚМДБ- ның шариғат және пәтуа бөлім басшысы Сансызбай Құрбанұлы Шоқанов уағыз насихат айтып, Құран оқыды. Аталмыш рухани кеште жамағатпен Құран хатым дұғасы бағышталды. Уағыз-насихаттар қазақ жəне орыс тілдерінде айтылды. Кеш соңында рухани бас қосуға келген қонақтардың бірі Ислам дінін қабылдап, мұсылман атанды.

 

 

 

Пікірлер (0)

Тіркелген қолданушылар ғана пікір қалдыра алады. Сайтқа кіру